Сойлыбаев "сұлатып саламын" деп отыр

814

Сойлыбаев "сұлатып саламын" деп отыр

WBC нұсқасы бойынша Еуразия және WBA NABA тұжырымының чемпионы қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаевтың келесі қарсыласы белгілі болды, деп жазды diamondring.kz.

Сойлыбаевтың келесі қарсыласы 31 жастағы тәжірибелі мексикалық боксшы Марио Антонио Масиас. Ол шаршы алаңда 50 жекпе-жек өткізіп, 28-ін жеңіспен аяқтаған. Қос боксшының арасындағы айқас 8 раундтық жүйе бойынша 10 наурыз күні АҚШ-тың Калифорния штатындағы Тустин қаласында өтеді.

"Шаршы алаңға шығатыным үшін қуаныштымын. Соңғы рет жекпе-жегімді өткен жылы өткізгендіктен, бұл сәтті ұзақ күттім. Бір өкініштісі, қолымнан алған жарақатыма байланысты біразға дейін жаттығу жасай алмадым. Ал қазір жанкүйерлерімді жеңіспен қуантуға дайынмын. Қарсыласым тәжірибелі екені айтпаса да белгілі. Әлем чемпионы атағына үміткер болған. Дегенмен бапкерім Эрик Браун екеуіміз оның осал тұстарын тауып, жеңіске жетеміз деп отырмыз. Қазір 10 наурызды асыға күтіп жүрмін", – дейді Бекман Сойлыбаев.

Отандасымыз Лос-Анджелес қаласында Wild Card West жаттығу залында америкалық бапкер Эрик Браунмен бірге жаттығу жасап жүр. Бекман  кәсіпқой бокста 9 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу