Соқыр өзені қоқыстан тазартылып жатыр

1615

Соқыр өзені қоқыстан тазартылып жатыр

Қарағанды облысы орталығында су тасқынының алдын алу жұмыстары жалғасып жатыр. Шоқталдан бастап қамысқа дейін Федоров су қоймасының айналып өту каналы тазартылды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Көктемгі су тасқынына қарсы шараларға Қарағанды облысының ТЖД бөлімшелерінің, Ұлттық гвардияның 52859 ә/б және "Благоустройство" КМҚМ күштері мен құралдары жұмылдырылды. Жалпы есептегенде Соқыр өзенінің 1300 метр арнасы тазартылды. Бұл өз кезегінде Федоров су қоймасын айналып өтетін канал арқылы еріген қар суын еш кедергісіз ағызып өткізуге мүмкіндік береді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу