Қызылорданы сол жағалаумен байланыстыратын көпір 2016 жылы ел игілігіне табысталған болатын.
Осы күні көпірдің қақ ортасы бір-бірінен 10 сантиметрдей ажырағаны байқалады, деп хабарлайды Inbusiness.kzтілшісі.
"Студент болғандықтан, көпір үстінен әрлі-берлі жүреміз. Бірнеше ай бұрын мұндай жарықты көрмейтін едім, қыс мезгілінде пайда болғанға ұқсайды. Жаяу жүргіншілерге білінбей де қалуы мүмкін, үлкен сыйымдылықтағы көліктер өткенде қорқыныш тудыратындай", - дейді Аңсат есімді қала тұрғыны.
Жалпы, практикада күн райының суықтығынан көпір саңылауының ұлғаюы кездесетін көрінеді. Ал, жаз мезгілдерінде бұл жағдай қайта қалпына келеді. Әлеуметтік желіде жарияланған видеоға желі қолданушылары түрлі пікір жазып жатыр.
Ал, осыдан 10 жыл бұрын құрылысы басталып, 2 жыл салынған көпірді қазіргі уақытта қолдануға болатыны не болмайтыны туралы нақты ақпарат жоқ.