Сол жаққа бұрылуға уақытша тыйым салынады

911

Сол жаққа бұрылуға уақытша тыйым салынады

Астана қаласында ЭКСПО көрмесін өткізу кезінде 12 жаңа учаскеде Bus Lane қоғамдық көлік жолақтары енгізіледі, деп хабарлады Астана қаласы жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердинов.

"Бұл шешім жол қозғалысы қауіпсіздігін арттырып, автобустардың жүру жылдамдығын 20%-ға ұлғайтады, сәйкесінше жолаушылардың аялдамада күту уақыты азаяды", - деді спикер.

Апатты жағдайды азайту және өткізу қабілетін ұлғайту үшін айналма жолайрығынан Сығанақ көшесіне дейінгі учаскеде Қабанбай батыр даңғылы бойынша сол жаққа бұрылуға уақытша тыйым салынады.

ЭКСПО өткізу барысында қаланың көлік торабын тарату шешімінің бірі Shuttle Bus 7 жаңа бағдары болып табылады. Оларға Iveco Urbanway маркалы 167 автобус қызмет көрсетеді. Жүру уақыт аралығы 5-7 минут. Бұдан басқа бұл бағдарларда аялдамалар аз болады.

Shuttle Bus ЭКСПО көрме орталығын қаланың шалғай аймақтарымен байланыстырып, адам көп жиналатын аялдамалар арқылы өтеді. Жол жүрі құны 150 теңгені құрайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу