Соледар Ресейдің қол астында қалды - УҚК командирі

536

Киев режимінің басшылығы Соледар қаласынан айырылғанын ресми түрде мойындаудан бас тартқанына қарамастан, украин әскерилерінің өздері ұрыс алаңында жеңіске ұшырап, артқа шегінгендерін мойындады. 

Соледар Ресейдің қол астында қалды - УҚК командирі Фото: Диалог.UA

Украина қарулы күштері командирі жергілікті "Страна" басылымына берген сұхбатында қала түгелімен Ресей иелігіне көшкенін хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

Ол Ресей әскерлері Соледардағы Украина әскерилері қорғаған соңғы нысан - № 7 шахтаның маңында өнеркәсіптік аймақты басып алды деп мәлімдеді. Нәтижесінде майдан қаладан тыс жерге көшуге мәжбүр болды, яғни Соледар Ресейдің бақылауына толық ауысты.

Украинаның жеңілісінің тағы бір дәлелі - Донецк Халық Республикасының басшысы қызметін уақытша атқарушы Денис Пушилиннің мәлімдемесі. Соледар қаласындағы көшелер мен алаңдарға қаланы босатуға атсалысқан әскерилердің есімдері берілмек.

"Біз қазір Отанын қорғауда аянбаған ерлеріміздің есімін асқақтатуымыз керек. Ол үшін түрлі бағдарламалар жергілікті және федералды деңгейде жүзеге асырылады. Қанды қақтығыс тарих оқулықтарында жазылады, көшелер мен алаңдар Соледар азат етушілерінің атымен аталатын болады", — дейді Пушилин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу