Соледар үшін шайқас жалғасуда

560

Украина Қорғаныс министрінің орынбасары Ресей әскерлері шабуылды жалғастырып жатқанын хабарлады.  

Соледар үшін шайқас жалғасуда Фото: media.slovoidilo.ua

Сейсенбі күні кешке Соледардағы украин әскерлері Ресей әскерлерінің жаппай шабуылына қарамастан кері шегінген жоқ, деп хабарлайды Inbusiness.kz Украина Қорғаныс министрінің орынбасарының мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Ұлыбританияның Қорғаныс министрлігі бұған дейін Ресей төрт күндік шабуылдан кейін қаланың көп бөлігін басып алған болуы мүмкін деп айтқан болатын.

"Соледарды жау қолына бермеу үшін ауыр шайқастар жалғасуда. Олар жеке құрамның адами шығындарына назар аудармай, белсенді шабуылды жалғастыруда", - деді Украина Қорғаныс министрінің орынбасары Анна Маляр.

"Біздің позицияларымызға жақын жердің барлығында жаудың қаза тапқан жауынгерлерінің денелері жатыр", – деді ол. "Біздің жауынгерлер қорғанысты батыл ұстайды".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу