Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– 2024 жылдың қорытындысы бойынша 8,1 млн тонна экспортқа жөнелтілді. Ал былтыр күзде жиналған өнімге тоқталсақ, қыркүйек айынан қазірге дейін 5,5 млн тонна астық шетелге шығарылды, – деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі.
Сенатта БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген ол ел астығы жаңа нарықтарды бағындырып жатқанын айтты.
– Барлық ел бойынша оң өсім байқалып отыр. Сонымен қатар, астық экспортталатын жаңа нарықтар іздестіріліп жатыр. Соның арасында Солтүстік Африка мен Оңтүстік Азия мемлекеттеріне экспорттау мүмкіндігі зерделенді, – деді Ермек Кенжеханұлы.
Қазіргі уақытта астық экспортына қажет жүк вагондары тиісті деңгейде қамтамасыз етіліп отыр.