Солтүстік аймақтарға Шымкенттен құтқарушылар көмекке аттанды

766

Құтқарушылар жаңбыр көп жауған солтүстік аймақтарда көмек қолын созады.

Солтүстік аймақтарға Шымкенттен құтқарушылар көмекке аттанды

Шымкенттік құтқарушылар солтүстік аймақтарға көмекке кетті. Төтенше жағдайлар қызметінің 21 адамы  жоғары өтімді 5 автокөлік пен 5 моторлы қайықтарын алып, Нұр-Сұлтан қаласына жол тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылар жаңбыр көп жауған солтүстік аймақтарда көмек қолын созады.

"Мәселен, Қарағанды облысында қарқынды қар еруі салдарынан бірнеше елді мекенде және автокөлік жолдарында су жайылды. Кез келген сәтте су басуы мүмкін аудандарға көмекке жету үшін барлық аймақтарда күш-құралдардың топтамалары дайындыққа келтірілген. Бұл жағдайдан шымкенттік жедел-құтқару жасағының құтқарушылары да шет қалған жоқ. ТЖД бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Нұрболат Дербісовтің және оның орынбасары полковник Ерғали Бахаевтың басшылығымен құтқарушылар 1 сәуірде жолға аттанып кетті", – делінген хабарламада.

Аталған жасақ сондай-ақ, автотехника сияқты барлық қажетті сүңгуір құрал-саймандармен және қосалқы мүліктермен жабдықталған. Топтың автономды түрде жұмыс жүргізу үшін азық-түлік және жанар-жағармай қоры да бар.

Бүгінде қалалық ТЖД басшылығы су тасқыны қаупі бар аймақтардағы әріптестерімен үнемі байланыста отыр. Олардың мәлімдемесі бойынша, жергілікті атқарушы органдар мен мүдделі мемлекеттік органдар су тасқынын болдырмауға және халыққа көмек көрсетуге бағытталған іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу