Солтүстік инвестициялық банк қызметіне кірісті

1062

Шекті келісім 2018 жылдың 16 қазанында Хельсинки қаласында жасалған.  

Солтүстік инвестициялық банк қызметіне кірісті

Бейсенбі күнгі пленарлық отырыста  парламент сенаты "Қазақстан Республикасы мен Қазақстан Республикасындағы Солтүстік инвестициялық банктің қызметін реттеуші Солтүстік инвестициялық банк арасында шекті келісімді ратификациялау туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан". 

Шекті келісім 2018 жылдың 16 қазанында Хельсинки қаласында жасалған.  

"Келісім Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін Солтүстік инвестициялық банктің қызметін ашуға мүмкіндік береді", – деді бұған дейін ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов пленарлық отырыста.          

Құжатты бекіту мүшелік жарна мен бюджетте басқа да мндетті төлемдер жасауды талап етпейді.  

Солтүстік инвестициялық банк 1975 жылы құрылған және дамудың көптарапты банкі. Штаб-пәтері Хельсинкиде. Банктің жарғылық капиталы 6 млрд 142 млн еуро, ол мүше – елдердің (Дания, Эстония, Финляндия, Исландия, Латвия, Литва, Норвегия, Швеция) төлемімен жасалады. 

2018 жылдың Солтүстік инвестициялық банктің жалпы кредиттік қоржыны 19,1 млрд еуро болды. Қарыз 25 жылға дейін беріледі. Солтүстік инвестициялық банктің стратегиясына сәйкес кредит қоржынының  20%-ға жуығы оның тұрақты мүше емес елдерге ұсынылады. 

Солтүстік инвестициялық банктің негізгі қаржыландыру бағыттары – "жасыл экономика", телекомуникация, көлік, өнеркәсіптің әртүрлі саласы, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және орта бизнес салалары.         

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу