Полицияның хабарлауынша, қамауға алынған күдікті кәмелет жасына толмаған. Қазір қылмысты не себепті жасағаны анықталып жатыр.
Қаланың полиция лейтенанты Джейсон Борнео жарақат алғандар арасында полиция офицері болғанын, ал екінші адамның жағдайы ауыр екенін мәлімдеді. Оқиғаға байланысты кемінде тағы 3 адам ауруханаға жеткізілген. Әзірге олардың жағдайы туралы мәлімет жоқ.
Атыс Оспри және Бэй-Харбор бухтасына жақын маңда, Нойз-Ривер-Гринуэй соқпағы ауданында орын алған. Роли полиция басқармасы аудан тұрғындарын үйлерінен шықпауға шақырды.