Солтүстік кавказ халықтарының Қазақстанға жер аударылғанына 75 жыл толды

1675

"Вайнах" этномәдени орталығы "Чечевица" операциясының азабын бастан кешкен адамдарды және олардың ұрпақтарын жинады. 

Солтүстік кавказ халықтарының Қазақстанға жер аударылғанына 75 жыл толды

Кавказ халықтарының Қазақстанға жер аударылғанына 75 жыл толуына орай еске алу кеші өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

1944 жылдың 24 ақпанында түнде шешендер мен ингуштарды жаппай жер аударуға бағытталған "Чечевица" операциясы басталған болатын. Бұл – қос халық тарихындағы ең қайғылы беттер. 

75 жыл бұрын Қазақстан мыңдаған шешен мен ингуштардың жаңа Отанына айналды. Достық үйінде Солтүстік кавказ халықтарының Қазақстанға жер аударылуы күніне орай еске алу кеші өтті. "Вайнах" этномәдени орталығы сол күндердің азабын басынан кешірген адамдарды және олардың ұрпақтарын жинады. Мереке Ризашылық күні қарсаңында аталып өтілді.

"1944 жылдың 22 ақпанында кешке радиодан шешендер мен ингуштарды туған жерінен көшіретіні туралы хабарлады. Жиналуға 30 минут уақыт берді. Бізді жазық далаға жеткізді. Бізді Ақмола облысындағы Ключи ауылына орналастырды. Біз орыстың диірменшісімен бірге тұрдық. Бас кезінде қиын болды, басқа жер, ауа райы да бөлек. Бастысы, бізге жергілікті халықтың қолдау білдіргендігінде", – дейді Ингуш мәдени орталығының төрағасы Султан Оздоев.

Еске алу кешіне ғылыми қайраткерлер, депутаттар, "Вайнах" орталығының өкілдері қатысты. Сондай-ақ, әртістерінің қатысуымен театрландырылған қойылымдар мен тарихи фотолар көрсетілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу