22 наурыз сағат 20:00-дегі жағдай бойынша еріген қар сулардың салдарынан 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" мекемесі мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ақтөбе облысы:
– "Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз" автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы - Ембі қаласы).
Қостанай облысы:
– Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).
Солтүстік Қазақстан облысы:
– "Петропавл қаласының айналма жолы" автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).