Солтүстік Қазақстан мектептеріне 107 робот жиынтығы сатып алынды

802

Солтүстік Қазақстан мектептеріне 107 робот жиынтығы сатып алынды

Солтүстік Қазақстан мектептеріне 107 робот жиынтығы сатып алынды, деп хабарлады СҚО-ның баспасөз қызметі.

Бiлiм беру саласында 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқумен қамту 98 пайызға жеттi.

Өңiрiмiзде үш ауысымдық бiлiм беру мәселесiн түбегейлi шешу үшiн "Нұрлы жол" бағдарламасы шеңберiнде облысымыздың аудандарында екi жаңа мектептiң құрылысы аяқталды. Осы нысандарды пайдалануға беру нәтижесiнде 2016 жылы үшауысымдық және апаттық мектептер мәселесi шешiлдi.

Жергiлiктi бюджеттен бөлiнген қаржы есебiнен Қызылжар ауданының Бәйтерек ауылында 300 орындық мектептiң құрылысы аяқталды.

Компьютерлiк технологиялардың тең қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылы компьютерлердi жаңартуға және бiр мыңнан астам компьютердi сатып алуға бюджеттен 100 млн. теңге бөлiндi. Қазiр 5 оқушыға 1 компьютерден келiп отыр. Облысымыздың 26 мектебiнде IT-технология енгiзу үшiн 2016 жылдың 1 қыркүйегiнен бастап робототехника курсы өткiзiледi, 107 робот жиынтығы сатып алынып, 1500 оқушы қамтылды.

2017 жылы елiмiзде мемлекет басшысының "Барлығы үшiн тегiн кәсiптiк-техникалық бiлiм беру" жобасы iске асырыла бастайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу