Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев су қоймасындағы жағдай күрделене түсті

785

Мамандардың хабарлауынша, 15 гидрологиялық бекеттің 5-еуінде су деңгейі қауіпті межеге жақын қалды.

Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев су қоймасындағы жағдай күрделене түсті Фото: bangkokbook.ru

Екеуінде өзен тасып жатыр.

"Қазгидромет" РМК СҚО филиалының мәліметінше, Соколовка елді мекені маңынан өтетін Иманбұрлық өзені тасып жатыр, қауіпті деңгей 560 см болса, қазір сағат 16.00-дегі деңгейі 572 см көрсеткен. Таңғы сағат 8.00-ден осы уақытқа дейін су жарты метрге көтерілді.

Сергеев қаласы маңынан өтетін Есіл өзені деңгейі де осы аралықта бірден 212 см-ге артты. Қауіпті көрсеткіш 1 500 см болса, қазір 1 123 см-ге жеткен.

Сергеев су қоймасындағы жағдай да күрделі. Бөгеннің ернеуінен асып төгілуі 2016 жылғы ауқымды су тасқыны деңгейінен асып кетті. Осыдан 8 жыл бұрын шарықтау шегінде 200 см-ге жетсе, қазір 260 см биіктікте асып төгіліп жатыр.

Облыстағы Шарық, Бабықбұрлық, Қамысақты өзендернің суы да толығып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу