Павлодарлықтар су тасқынынан зардап шеккен Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарына гуманитарлық көмек жіберді. 10 тонна жүк тиеген 10 шақты көлік жұма күні таңертең Павлодардан аттанып кетті.
Қайырымдылық шарасынан қалыс қалған ешкім жоқ. Облыстағы ірі кәсіпорындар мен коммерциялық құрылымдар, мемлекеттік мекемелер, тіпті қарапайым тұрғындар да қол ұшын созды. Гуманитарлық көмекті ұйымдастырушылар Солтүстік Қазақстан облысының апатқа ұшыраған аудандарымен алдын-ала байланысқа шығып, оларға қажет заттардың тізімін дайындаған. Сондықтан қайырымдылық керуеніне азық-түлік, киім-кешекпен қатар балға, шеге секілді құрылысқа қажетті материалдар да тиелді.
Автор: Есенбек Санатұлы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу