Ол 26 мамыр күні кешке ауруханаға түскен.
Бұл туралы Қазақстан Халық партиясы өкілі Ерғали Жұмағұлов желіде жазды.
Оның айтуынша, әкім аурухананың инсульт орталығында жатыр, жағдайы жақсарған.
Ерғали Жұмағұлов жазбасында ауруханаға түскен әкімнің жағдайы мен оның "Обожаю" бағдарламасының авторы Асхат Ниязовке берген сұхбаты арасындағы байланысты меңзеп, айыптаған.
Айта кетейік, 21 мамырда жарияланған бағдарламаның шығарылымында әкімдікте істейтін әйел журналиске мұнда еден жуатын әйелдің айына 20 мың теңгеге жалақы алатынын және қолғап пен жууға арналған заттарды өз ақшасына сатып алатынын айтқан. Ал еден жуушы журналистің бұл сұрағына жауап беруден бас тартты.