Солтүстік Қазақстан облысында бірнеше басқармаға жаңа басшы тағайындалды

728

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың өкімімен Марат Омаров мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы болып тағайындалды.  

Солтүстік Қазақстан облысында бірнеше басқармаға жаңа басшы тағайындалды

Солтүстік Қазақстан облысында Мемлекеттік еңбек инспекциясы, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және Дін істері басқармаларына жаңа басшылар тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Марат Қосылұлы 1963 жылы СҚО Жамбыл ауданы Пресновка елдімекенінде туған.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін инженер-механик, экономика және бизнес мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Талай жыл ҚР Қаржы министрлігінде, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде қызмет атқарды. 2012-2015 жылдары Шал ақын ауданының әкімі болды. Осы уақытқа дейін "Қазақтелеком" АҚ цех бастығы лауазымында болды.

Ал Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып Асқар Қылышбеков тағайындалды.

Асқар Жаркеұлы 1984 жылы Алматы облысында туған. ҚР Президентінің жанындағы жастар кадр резервінің резервисі. Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтының магистратурасын іскерлік әкімшілдендіру мамандығы бойынша бітірген.

2017-2019 жылдары Беларусь Республикасында "Кедентрассервис" АҚ өкілдігінің басшысы болып қызмет етті. Осы уақытқа дейін "Компания "КЕМЕ" ЖШС-ның тасымал жөніндегі менеджері қызметін атқарды.

Сондай-ақ СҚО әкімдігінің Дін істері басқармасының басшысы болып Рауза Қасенова тағайындалды.

 Рауза Иванқызы 1965 жылы Ресейдің Омбы облысында туған.

Көкшетау мемлекеттік университетін қаржы мамандығы бойынша тәмамдаған. Осы уақытқа дейін дін істері басқармасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бөлімінің басшысы болып еңбек етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу