Солтүстік Қазақстан облысында карантин күшейтіледі

872

Ертеңнен бастап Солтүстік Қазақстан облысында шектеулер қатаңдатылып, бірқатар нысандардың жұмыс кестесі өзгереді.  

Солтүстік Қазақстан облысында карантин күшейтіледі

Еліміздің тағы бір өңірінде карантин күшейтіледі, деп хабарлайды Atameken Business  

Қазір өңір COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар қатарында бірінші орында тұр. Оқу жылының басынан бері 30 мектеп оқушысы коронавирус жұқтырған. Ал соңғы 2 аптада Петропавлда коронавируспен 40 адам тіркелсе, соңғы тәулікте 14 адамнан аты жаман ауру анықталған. Өңірлік бас санитар дәрігердің жаңа қаулысында енді мереке және демалыс күндері қоғамдық көлік қатынамайды және бірнеше нысан жабық болады.  Атап айтқанда, жабық киім-кешек базарлары, азық-түлік емес жабық базарлар, спорт нысандары, фитнес залдар, бассейндер мен білім беру орталықтары жұмыс істемейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу