Солтүстік Қазақстан облысында ешкім тұрмайтын 7 ауыл жабылып қалды

722

Тағы 38 елді мекендегі аздаған халықты басқа жаққа көшіру жоспарлануда.

Солтүстік Қазақстан облысында ешкім тұрмайтын 7 ауыл жабылып қалды Фото: drive2.ru

Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов айтып берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Бүгінде біздің облыстағы 635 елді мекеннің 141-інде тұрғындар саны елуге де жетпейді. Өкінішке қарай, 38 елді мекенде адам саны 10-нан да аз, ал 7 елді мекенде ешкім тұрмайды. Бұл елді мекендер кезінде оңтайландырылмаған. Сондықтан бүгін мәслихат сессиясында тұрғындары жоқ округтер бойынша шешім қабылданып, бұл ауылдар ресми түрде таратылды", – деді ол.

Ал халқы өте аз 38 елді мекен бойынша аудан әкімдері бұл ауылдарды оңтайландыру жөнінде тапсырма алды.

"Бұл жұмыс өте мұқият жүргізіледі, жай ғана жарықты өшіріп, жолды жауып тастау емес, әрбір тұрғынмен жеке жұмыс істеу, жұмыс берушілермен келісіп, жағдай жасау, баспана сатып алу, оны жөндеу, көшіріп, жаңа жағдай жасау арқылы жүзеге асырылады. Адам үнемі жақсы жер іздейді, сондықтан біз адамдарды тірек және болашағы бар ауылдарға көшіру үшін бар жағдайды жасауға тырысамыз", – деді Ғауез Нұрмұхамбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу