Тіпті, Солтүстік Қазақстан облысында локдаун жариялау туралы айтыла бастады. Өйткені Қызылжар өңірі соңғы екі аптадан бері "қызыл" аймақтан шыға алар емес. Мұнда коронавирустың таралу деңгейі 1,5 есе өскен. Қазір инфекциялық ауруханаларда 700-ге жуық науқас ем қабылдап жатыр. Ауруханалардағы төсек-орындардың тең жартысына жуығы науқастарға толған. Жансақтау бөлімшелеріндегі көрсеткіш те сондай.
Бәрінен бұрын дәрігерлерді ауруға шалдыққан балалар санының артуы қатты алаңдатып отыр. Бүгінде 250 жасөспірім індетке шалдыққан. Оның 166-сы соңғы екі аптада ауырып қалған. Осыған байланысты облыс бойынша 142 сыныптың оқушылары қашықтан білім алуға көшіріліпті.