Солтүстік Қазақстан облысында мүгедектер мен олардың өкілдерінен заңсыз салық алынған

446

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорларымүгедек балалардың заңды өкілдерінің құқықтарын қорғады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасына сілтеме жасап. 

Солтүстік Қазақстан облысында мүгедектер мен олардың өкілдерінен заңсыз салық алынған Фото: inbusiness.kz

Халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау бойынша қадағалау жұмыстары шеңберінде жеке табыс салығын және басқа да төлемдерді негізсіз ұстап қалу түрінде өрескел бұзушылықтар анықталды.      

Мамлют, Шал ақын, Тайынша аудандарында жұмыс берушілер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодекстің (бұдан әрі - Кодекс) 2022-2023 жылдар бойынша 346-бабын бұза отыра мүгедек балалардың 74 заңды өкілдерінен жалпы сомасы 6,6 млн теңге жеке табыс салығы ұсталған, ал шын мәнінде соңғысы оларды төлеуден босатылған.   

 Ақжар ауданында 19 мүгедекке қатысты Кодекс талаптарына қайшы көлік салығы мен мемлекеттік баж салығы заңсыз ұсталған.        

 Прокурорлық қадағалау актілері бойынша мемлекеттік кіріс органдары жоғарыда аталған тұлғаларға 2,3 млн теңгені қайтаруды қамтамасыз етті, қалған сома бойынша жұмыс жалғасуда.          

Халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау сұрағы прокуратураның ерекше бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу