Нәтижесінде 2026 жылға дейін мұнда 6 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Орталық коммуникациялар алаңында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Биылдың өзінде құны 56 млрд теңгеге тең 15 жоба іске қосылады деп жоспарлануда. Олардың бесеуі өз жұмысын бастап кетті. Соның арқасында шетелдік құрылыс материалдарына және өнеркәсіп өнімдеріне деген сұранысты төмендетіп, қазақстандықтар отандық ауыл шаруашылығы техникасымен қамтылмақ. Қазір май шығаратын "МаслоДел" зауыты салынуда. Оның құрылысына 23 млрд теңге инвестиция тартылды. Жоба іске қосылса, 217 жаңа жұмыс орны құрылады. Жоба елімізде және Орталық Азиядағы ең ірі кәсіпорын болады", – деп түсіндірді облыс әкімі.