Солтүстік Қазақстан облысында ПТР-тест күрт қымбаттаған

753

Оған 9 қарашадан бастап өңірде карантин күшейтіліп, блокпосттардың қойылатыны себеп болған сынды.

Солтүстік Қазақстан облысында ПТР-тест күрт қымбаттаған

Демек облыс шекарасынан тек теріс нәтижесі бар ПТР анықтамасы барлар ғана шыға алады. Оны Петропавлдағы 4 зертханада тапсыруға болады. Ал олар бағаларын бірден 16 мыңға дейін көтеріп жіберген, деп хабарлайды Atameken Business.

Ел көлемінде тестің орташа бағасы – 8-9 мың. Осыдан бір ай бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда коронавирусты анықтайтын тест тым қымбат деп, жемқорлыққа қарсы агенттікке бағаларға жиі мониторинг жасауды тапсырған.

16 мың теңге бер жағы. ПТР-тестің бағасын 20 мың теңгеге дейін шарықтатып жіберген фактілер де бар. Яғни сұраныс артқан сайын жаздағы жағдай қайталанып келетін сияқты. Ал жауаптылар бағаның шарықтауы, дәрі-дәрметің жетіспеушілігі болмайды деп уәде беріп келеді.

ПТР-тест бизнеске айналмады ма? Тағы да тапшылық болмай ма? Мамандар не дейді?  ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының м.а. Нұрлыбек Асылбеков мен COVID-19 инфекциясының диагностикасын орындайтын топтың жетекшісі Зият Әбділ жауап берді:

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу