Солтүстік Қазақстан облысында сары май, күріш және жұмыртқа бағалары өзгерді

491

Ағымдағы жылдың қазан айы бойынша, Солтүстік Қазақстан облысында жылдық инфляция 12,1%-ды құрады.

Солтүстік Қазақстан облысында сары май, күріш және жұмыртқа бағалары өзгерді Фото: freepik.com

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасы 12-12,6-ға дейін өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұлттық статистика бюросы департаментінің мәліметіне сәйкес, бір жыл ішінде күріштің құны айтарлықтай өсіп, шамамен 48%-ды құрады. Сондай-ақ, тұздалмаған сары май – 29%, жұмыртқа – 19%-ға дейін жетті. Сүт өнімдері 16%-ға, жаңа піскен жемістер 7,5%-ға, ал көкөністер 5,7%-ға қымбаттады.

Сонымен қатар, қызылшаның бағасы 33%-ға, ақ қырыққабат 25%-ға, сәбіз 24%-ға дейін өсті. Ал, картоп пен пияз аздап арзандады, Жарма – шамамен 2%-ды құрады. Алкогольді және алкогольсіз сусындардың бағасы 16%-ға дейін ұлғайды.

Бұдан бөлек, электр энергиясы, көлік қызметі, амбулаториялық-емханалық қызметтер тарифтерінің бағасы көтерілді. Ал, тұрғын үйді жалға алу, қазіргі таңда, 10%-ға қымбаттады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу