Солтүстік Қазақстан облысында шетелдік 50 азамат елден қуылды

910

Солтүстік Қазақстан облысында шетелдік 50 азамат елден қуылды

Солтүстік Қазақстан облысында 54 шетелдік азамат көші-қон заңнамасын бірнеше рет бұзғаны үшін Қазақстаннан қуылды, деп хабарлайды СҚО ІІД баспасөз қызметі.

Сот оларды әкімшілік және өзге де заңнаманы бұзғаны үшін елден шығаруға шешім қабылдады. Шетелдіктердің арасында мұндай заң бұзғандар саны – 7. Енді олар 5 жыл бойы Қазақстан аумағына жіберілмейді.

45 жастағы Ресей азаматы спирттік ішімдік ішіп, жол ережесін бұзғаны үшін бірнеше рет жауапқа тартылған болатын. Ал Петропавлда рұқсатсыз саудамен айналысқан Өзбекстан азаматы облыс орталығында бірнеше ай тұрып келген.

6 адам түрлі себеппен сот қаулысын әлі де орындамай отыр. Оларды облыстық көші-қон қызметінің қызметкерлері өз бақылауына алды. Егер олар сот шешімін орындамаса, қылмыстық жауапқа тартылады. Жыл басынан бері осындай сипатта 8 қылмыстық іс қозғалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу