Солтүстік Қазақстан облысында тағы бір тауарлы-сүт фермасы құрылды

1083

Солтүстік Қазақстан облысында тағы бір тауарлы-сүт фермасы құрылды

Солтүстік Қазақстан облысы Власовка ауылының кәсіпкері Владимир Гердт "Ырыс" бағдарламасы бойынша 35 млн теңгеге несие рәсімдеп, асылтұқымды симментал сиырларын сатып алған, деп хабарлайды 24.kz.

Шаруа сүтті өңдеушілерге тапсырып, жерлестерін қысы-жазы жұмыспен қамтып отыр. Владимир Гердт ұсақ мал ұстап, сүтін сатушыларға тапсыратын. Былтыр "Ырыс" бағдарламасы бойынша асылтұқымды 50 симментал сиырын алып, тауарлы-сүт фермасын салды. Енді өнімді өңдеушіге делдалсыз өткізеді.

"Сүт сату өте тиімді. Баға да, сұраныс та жоғары. Қазір сүттің литрін 110-115 теңгеден тапсырып жатырмыз. Оның үстіне 10-25 теңге аралығында субсидия беріледі" – деді шаруа қожалығының басшысы Владимир Гердт.

Кәсіпкер несиелік қаржыға сүт салқындатқыш қондырғысы мен жем-шөп тарату техникасын сатып алды. Ал жалпы өңірде өткен жылы "Ырыс" бағдарламасы бойынша 230 млн теңгенің 6 жобасы жүзеге асыпты.

"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Солтүстік Қазақстан облысы филиалының директоры Әсемгүл Қайырденованың пікірінше, 2013 жылдан бері өңірде 20 тауарлы-сүт фермасы құрылған. Кәсіпкерлерге 850 млн теңге қаржылай қолдау көрсетілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу