Солтүстік Қазақстан облысында үш вокзал қайта жаңартылуда

379

Жұмыстар облыс әкімдігі айқындаған мердігер ұйымдар тарапынан жүзеге асырылуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Солтүстік Қазақстан облысында үш вокзал қайта жаңартылуда Фото: Көлік министрлігі

Солтүстік Қазақстан облысында Жаңаесіл, Саумалкөл және Тайынша станцияларындағы үш теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Жобаның негізгі мақсаты – жолаушылар инфрақұрылымын жаңарту және қызмет көрсету сапасын арттыру.

Жоба аясында вокзал ғимараттарын кешенді түрде жаңғырту, ішкі бөлмелер мен инженерлік желілерді жаңалау, сондай-ақ жолаушылар ағынын ескере отырып күту залдарын қайта жоспарлау көзделген.

Жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ өрт, терроризмге қарсы және санитарлық қауіпсіздік талаптарының сақталуына ерекше назар аударылады.

Жаңаесіл станциясындағы аумағы 570 шаршы метрді құрайтын вокзал ғимаратында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталу сатысына жетті.

Саумалкөл және Тайынша станцияларында инженерлік желілерді орнату мен ішкі әрлеу бойынша соңғы жұмыстар жүргізілуде. Аумағы 442 шаршы метр болатын Тайынша вокзалының да дайындық деңгейі аяқталу кезеңінде.

Қайта жаңғырту жұмыстарының аяқталуы жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттырып, вокзал кешендерін теміржол саласының заманауи талаптарына сәйкестендіруге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу