2017 жылғы 31 мамырда "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова Солтүстік-Қазақстан облысының әкімі Кұмар Ақсақаловпен ынтымақтастық туралы меморандумға қой қойды, деп хабарлайды hcsbk.kz.
Құжаттарға сәйкес, әкімдік жеке тұрғын үйлер құрылысына арнап Петропавл қаласында 2 094 жер телімін бөліп, оларға коммуникация тартады.
Тұрғын үйлер Солнечный ауылында бірыңғай архитектуралық үлгіде салынбақ. Оларды жер телімі үшін кезекте тұрған әкімдік кезегіндегі тұлғалар сатып ала алады. Егер аталған тұрғын үйлерді өз бетінше сатып алуға мүмкіндіктері болмаса, онда олар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жеңілдігі бар заемдары арқылы алуларына болады.
Нысандар келесі жылы беріле бастайды. "Нұрлы жер" бағдарламасының талаптары бойынша, 1 шаршы метрдің құны 120 мың теңгеден аспауы тиіс. Қазіргі таңда жергілікті әкімдікте жер теліміне 8 200 адам кезекте тұр.
2017 жылы Солтүстік-Қазақстан облысының шамамен 1 000 тұрғыны жаңа қоныс иелері атанбақ. Аталған сәтте "Нұрлы жер" бағдарламасы шеңбрінде жалпы аумағы 83,3 мың шаршы метрді құрайтын 11 көп пәтерлі тұрғын үйлер құрылысы жүргізілуде, олардың 600 пәтерлік 7 үйі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бойынша берілмек.