Солтүстік Қазақстанда 14 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

241

Нәтижесінде ЖШС -мен жалпы ауданы 14,1 мың га жер учаскесінің ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсатына сай пайдаланбағаны анықталды.

Солтүстік Қазақстанда 14 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды Фото: Pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысында 14 мың гектардан аса ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты АШМ Жер ресурстарын басқару комитетіне сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті прокуратураның хаты негізінде ЖШС-не жоспардан тыс тексеріс жүргізді.

Нәтижесінде ЖШС -мен жалпы ауданы 14,1 мың га жер учаскесінің ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсатына сай пайдаланбағаны анықталды.

Анықталған бұзушылықтар негізінде Департаментпен ЖШС-не тиісті нұсқама берілді. Алайда нұсқаманы орындамағаны үшін ЖШС-не ӘҚБтК 462 бабының 3 бөліміне сәйкес әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар Департаменпен ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы сотқа талап арыз берілді.

Солтүстік Қазақстан облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 11 наурыздағы шешімімен талап арыздар қанағаттандырылды. Қазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 4 маусымдағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалды. Сот актісі заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу