Солтүстік Қазақстанда 20 тонна ет артылған шетелдік фура аударылып қалды

433

Оқиға Көкшетау-Рузаевка автожолының 111 км болды. Көлікті 55 жастағы Грузия азаматы жүргізіп келе жатқан.

Солтүстік Қазақстанда 20 тонна ет артылған шетелдік фура аударылып қалды Фото: СҚО ПД

Солтүстік Қазақстан облысында Астанадан ет әкеле жатқан Mercedes жүк көлігі жолдан шығып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мен учаскелік инспектор көмекке келді. Олардың өтініші бойынша Айыртау ауданындағы шаруашылықтардың бірі ауыр техника мен жұмысшыларын жіберді. Олар аударылған фураны жол үстіне сүйреп шығарды. Тәртіп сақшылары шетелдік сапарын жалғастырғанша сол жерде болып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу