Солтүстік Қазақстанда 64 жастағы ер адам екі аптадан бері табылмай жатыр

114

Сол күні үстінде тор сызықты көк түсті жейде және көк джинсы шалбар болған.

Солтүстік Қазақстанда 64 жастағы ер адам екі аптадан бері табылмай жатыр Фото: stan.kz

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылының тұрғыны Али Аллахвердиев 13 шілдеден бері табылмай жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгін таңертең волонтерлер, полицейлер, еріктілер және құтқарушылар жоғалған ер адамды іздеуге жиналып шықты. Бұл туралы әлеуметтік желіде жариялап, көмекке шақырды.

Жергілікті волонтерлердің айтуынша, Али Аллахвердиев сағат 19.30 шамасында үйінен шығып, Ауди-80 көлігіне мініп кеткен. Содан бері хабар жоқ.

Али Аллахвердиев 1959 жылы туған. Арықша келген,  шашына ақ түскен, шашы қысқа қиылған, көзі жасыл түсті. Сол жақ қолында жеті күмбез бейнеленген тату суреті бар.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу