Солтүстік Қазақстанда әкiмдер 2016 жылы тұрғындарымен 656 есептiк кездесу өткiздi

845

Солтүстік Қазақстанда әкiмдер 2016 жылы тұрғындарымен 656 есептiк кездесу өткiздi

2016 жылдың басында барлық деңгейдегi әкiмдер облыс тұрғындарымен 656 есептiк кездесу өткiздi. Аталған кездесулерге 56480 адам қатысты, деп хабарлады облыс әкімдігіне сілтеме жасаған strategy2050.kz.

"Есеп беру кездесулерi аяқталған соң, қарастырылған мәселелердi жүзеге асыру бойынша Iс-шаралар жоспары бекiтiлдi. Барлық келiп түскен 1951 ұсыныстың 803-i бақылауға алынып, қалған 1148-i сол жерде шешiмiн тапты. Ағымдағы жылдың 26 желтоқсанындағы жағдай бойынша, 803 мәселе қарастырылып, 787-i шешiлдi", — деп атап өттi Мадияр Қожахмет.

Бұдан бөлек, 11 ай iшiнде облыс әкiмiнiң аппараты 867 өтiнiштi қарастырды, ал облыс әкiмi жеке қабылдауында 241 адам болды.

Ерiк Сұлтанов облыс аудандарының және Петропавл қаласының әкiмiне назарға алынған мәселелердiң барлығын уақытылы және сапалы шешiп, келiп түскен ескертпелер мен оған берiлген жауапты тұрақты түрде жергiлiктi ресми сайттарда жариялауды мiндеттедi. Сондай-ақ облыс әкiмi Петропавл қаласы мен аудан басшыларының блогтарына келiп түскен заңды және жеке тұлғалардың өтiнiштерiн қарастырудың сапасын жоғарылатуды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу