Солтүстік Қазақстан облысында анасы қызы сабағын оқымағаны үшін пышақтаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Алдын ала болжам бойынша анасы 11 жастағы қызы сабағын оқымағаны үшін пышақтаған. Қыз бала аудандық ауруханадан облыстық ауруханаға жеткізілді. Жағдайы ауыр", - дейді Зәкиева.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Комиссия құрылып, сараптама жүргізіле бастаған.
"Бұл іс СҚО бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкілдің жеке бақылауында", - дейді Зәкиева.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу