33 және 22 жастағы екі петропавлдық, сондай-ақ Қызылжар ауданының 33 жастағы тұрғыны артемия салина шаяны жұмыртқаларын заңсыз аулаған деп күдіктенеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Олар мақсатты жедел іс-шаралардың нәтижесінде ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының, 6637 әскери бөлімінің әскери қызметшілері және облыстық прокуратураның үйлестіруімен өзара іс-қимыл жасау кезінде ұсталды.
Заңсыз өндіру Мамлют ауданы аумағындағы Меңкесер тұзды көлінде жүргізілген. Оқиға орнынан полицейлер жалпы салмағы 460 келіні құрайтын 6 қапқа салынған шаян жұмыртқалары тәркіленді. Жүргізілген сараптама мемлекетке келтірілген зиянды 3 миллион 712 мың теңгеге бағалады.
"Заңнама талаптарына сәйкес, топтың құрамында балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау 6 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады", – дейді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.