Солтүстік Қазақстанда ең ірі саңырауқұлақ фермасы ашылады

182

Соңғы бірнеше жылда өңірге салынған инвестициялар көлемі екі есеге артты. Инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға жергілікті кәсіпкерлер де белсенді қатысуда.

Солтүстік Қазақстанда ең ірі саңырауқұлақ фермасы ашылады Фото: gov.kz

Үкіметтің қолдауы және ауыл шаруашылығы министрлігінің қаржыландыруымен "СҚО тәжірибесін тираждау" бағдарламасы аясында "Qyzyljar" арнайы экономикалық аймағында саңырауқұлақ фермасы қолданысқа берілді. Жобаның жалпы құны 11,3 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кәсіпорын жылына 2 400 тоннаға дейін саңырауқұлақ өнімдерін өсіру және өңдеуді жоспарлап отыр. Жобаны іске асыру өңірдің өңдеуші өнеркәсібін дамытуға қосымша серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын құруға және ішкі нарықтағы отандық өнім үлесін арттыруға, сондай-ақ импортты алмастыруға мүмкіндік береді.

Болашақта жылына 4 000 тонна компост өндіретін зауытты іске қосу және саңырауқұлақ фермасы қуаттылығын жылына 4 800 тоннаға дейін кеңейту жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу