"Кешіріп отырған": Солтүстік Қазақстанда 59 жастағы ұлы өзінің 82 жастағы қарт анасын ұрып өлтірді

3807

Ер азамат өз анасын үнемі ұрып-соққан. 

"Кешіріп отырған": Солтүстік Қазақстанда 59 жастағы ұлы өзінің 82 жастағы қарт анасын ұрып өлтірді Фото: РБК

СҚО-да 59 жастағы ер адам өзінің қарт анасын ұрып өлтірді. Қайғылы оқиға орын алған күні қария 82 жасқа толған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қайғылы оқиға Тайынша ауданында болған. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Оған қатысы ҚР ҚК 99 бабы яғни, адам өлтіру дерегі бойынша іс қозғалды.

"Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды", - делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Полицейлер бұл отбасын бұрыннан жақсы біледі. Өйткені, ер азамат өз анасын үнемі ұрып-соққан. Бірақ зейнеткер бауыр еті баласын кешіріп, оған ескерту беріліп, не 15-25 тәулікке ғана қамауға алынып, бостандыққа шығып отырған.

Енді ер адамға 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу