Солтүстік Қазақстанда есірткімен ұсталған 24 жастағы келіншек 11 жылға сотталды

278

Өткен жылы полицейлер Солтүстік Қазақстан облысында есірткі сатудың 132 фактісін анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Солтүстік Қазақстанда есірткімен ұсталған 24 жастағы келіншек 11 жылға сотталды Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл тұрғыны синтетикалық есірткімен өткен жылдың жазында ұсталған.

Тінту кезінде одан тарату үшін дайындалған 20,95 грамм α-PVP және 23,71 грамм "мефедрон" тәркіленді.

Тергеу барысында келіншектің есірткіні қаланың шетіндегі орман ішіне жасырылған жерден алып кеткені анықталды.

Жалпы салмағы 0,17 грамм болатын α-PVP есірткісі салынған фольгамен оралған тағы 3 түйіншек оның қол сөмкесінен табылды. Аса ірі мөлшерге жататын есірткіні ол өзі пайдаланбақ болған.

Ұсталған келіншек бұған дейін 20 жасында есірткіні өткізу мақсатынсыз сақтағаны үшін сотталып, жазасын өтеді. Сот оның іс-әрекетінде қауіпті рецидивті байқап, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу