Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданында Сургут – Тәжікстан бағытымен келе жатқан жолаушылар автобусының дөңгелегі өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға Белое ауылының маңында болған. Автобуста Ресей мен Тәжікстан азаматтары болған. Алдын ала мәлімет бойынша, тежегіш қалыптарының қысылып қалуынан көліктің оң жақ дөңгелегі жанған.
Төтенше жағдай орнына ТЖМ бөлімшелері келгенге дейін Белое ауылының "Ауыл құтқарушылары" еріктілері жетіп, өртті оқшаулаған. Жолаушылар автобустан өздігінен шыққан.
Құтқарушылар келген соң өрт сөндіру оқпанын беріп, қайта тұтанудың алдын алу үшін дөңгелекке су құйған. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу