Солтүстік Қазақстанда кооператив басшысы 50 млн теңге субсидияны заңсыз алғаны анықталды

74

Ол ауыл шаруашылығы басқармасына жеке кәсіпкерлерден шикі сүт сатып алғаны туралы жалған құжаттар мен май өндірісіне қатысты жалған мәліметтер ұсынып отырған. 

Солтүстік Қазақстанда кооператив басшысы 50 млн теңге субсидияны заңсыз алғаны анықталды Фото: inbusiness.kz

Қаржылық мониторинг агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің басшысына қатысты 50 миллион теңгеден астам субсидияны заңсыз алу схемасын әшкереледі, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Мемлекет сүт өндірісін дамыту және импортқа тәуелділікті азайту мақсатында сүт-тауар фермаларын ашуды қолдап келеді. Алайда, кооператив басшысы 2019 жылдың мамыры мен 2020 жылдың наурызы аралығында жалған құжаттар арқылы сүт өнімдерін өңдеуге бөлінген субсидияны иемденген.

Тергеу нәтижесінде бұл мәмілелер заңсыз деп танылды.

Заңсыз алынған қаражатқа күдіктінің Toyota Land Cruiser Prado 150 маркалы автокөлік сатып алғаны анықталды. Автокөлік тәркілеуден жасырыну үшін сенімді тұлғаға рәсімделгенімен, соттың санкциясымен оған тыйым салынды.

Қазіргі уақытта күдікті екі айға қамауға алынды. Тергеу ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу