Солтүстік Қазақстанда көпір сынып, жүк көлігі өзенге құлады

187

Зардап шеккендер бар ма?

Солтүстік Қазақстанда көпір сынып, жүк көлігі өзенге құлады Фото: Бейнежазбадан

Солтүстік Қазақстан облысында екі ауылды жалғаған көпір жүк көлігін көтере алмай сынып кетті. Салдарынан бидай артылған ауыр машина өзенге түсіп кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік желіде куәгерлер бұл оқиғаның Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда болғанын айтты. Шағын көпір Бірлік ауылының тұрғындарын келесі бетке өткізіп тұрған. Алайда, бидай артқан "Shacman" көлігін көтере алмай, сынып кеткен. Енді ауыл тұрғындары төте жолсыз қалып отыр. 

Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның әкімдігі осы оқиғаға қатысты түсінік берді.

– "ES Global Agro" ЖШС күшімен Бірлік пен Нежинка елді мекендерін қосатын өткел жөнделген еді. Жолды қысқарту мақсатында жүк тиелген "Shacman" осы өткелмен өтпек болған. Салдарынан өткел сынып кетіп, жүк көлігі аударылды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта жүк автокөлігін сүйреп шығару жұмысы жүргізіл. Содан кейін өткелді қалпына келтіру жұмыстары басталады. Сондай-ақ, көпір құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленгенін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта ол мемлекеттік сараптамадан өткізіліп жатыр, – делінген әкімдік жауабында.

Ғ.Мүсірепов аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау және процестік шешім қабылдау үшін тергеуді бастады.

– Нежинка – Бірлік ауылдары арасындағы Есіл өзені арқылы өтетін көпірде бидай тиелген "Shacman" автокөлігінің 56 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған. Салдарынан көлік аударылып, Есіл өзеніне құлады, – делінген полиция хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу