Солтүстік Қазақстанда күдіктілер қожалықтан 50 бас асыл тұқымды бұзау ұрлаған

218

Күдіктілер 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Солтүстік Қазақстанда күдіктілер қожалықтан 50 бас асыл тұқымды бұзау ұрлаған Фото: СҚО ПД

Солтүстік Қазақстанда екі азамат шаруа қожалықтарының бірінің 50 бас асыл тұқымды бұзауын ұрлап, артынша сатып жіберген, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

Мал ұрлау әрекеті Тимирязев ауданында болған. Белгілі болғандай шаруашылықта күзет те, бақылайтын бақылау камералары да жоқ екен. Десе де, полицияның жедел әрекетінің арқасында күдіктілер ұсталған.

Келтірілген шығын сомасы – 5 млн 800 мың теңге. Асыл тұқымды төлдерді ұрлауға кәсіпорынның 24 және 25 жастағы екі жұмысшысының қатысы бары анықталған.

Күдіктілердің сөзінше, бұзауларды олар бірнеше рейспен ұрлап, ауданның әр түрлі адамдарына сатқан. Қазіргі уақытта құжатсыз сатып алған тұрғындардан 25 бас бұзау қайтарылды, қалғаны бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу