Солтүстік Қазақстан облысында құс тұмауы өршіді, деп хабаралайды Atameken Business.
Осыған байланысты өңірдегі 10 ауылға кіріп-шығуға шектеу қойылды. Қазірдің өзінде жұқпалы дерттен 7 мың құс қырылған. Ал жаз бойы оларды бағып-қаққан шаруалар қып-қызыл шығынға батты. Мамандар болса, сырқат тек құстарға ғана емес, адам ағзасына да қауіп төндіретінін айтып отыр.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу