Солтүстік Қазақстанда құтқарушылар балықшыға көмектесті

114

Имантау көлінде қатты жел салдарынан қайық жағадан алыстаған.  

Солтүстік Қазақстанда құтқарушылар балықшыға көмектесті Фото: Бейнежазбадан

Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы Имантау көлінде құтқарушылар балықшыға көмек көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

1990 жылы туған ер адам балық аулау кезінде резеңке қайықпен көлге шыққан. Алайда қатты желдің салдарынан қайық жағадан алыстап кеткен. Балықшы өздігінен жағаға қайта алмаған.

Оқиға орнына Солтүстік Қазақстан облысы ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері барып, ер адамды тапты. Құтқарушылар балықшыға қажетті көмек көрсетіп, оны жағаға жеткізді.

Ер адам медициналық көмекті қажет етпеген. Құтқарылған азаматтың жұбайы мамандарға жедел көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу