Солтүстік Қазақстанда орман шаруашылығының лауазымды тұлғалары жер асты суларын заңсыз өндірген. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Талдау шеңберінде жер асты суларын суды арнайы пайдалануға рұқсатсыз, өндіруге әкеп соққан жүйелі бұзушылықтар анықталған.
"Аққайың ауданының орман шаруашылығының лауазымды адамдары Қазақстан Республикасы Су кодексінің 66 - бабының талаптарын бұза отырып, ұңғыманы бұрғылап, жер асты суларын пайдалануға рұқсатсыз өңдірген", - делінген хабарламада.
Осыған ұқсас бұзушылықтар басқа 19 мемлекеттік органдарда анықталды (Жамбыл, Қызылжар, Есіл аудандарының білім бөлімдері, Айыртау, М.Жұмабаев, Мамлют, Тайынша, Тимирязев аудандары әкімдерінің аппараты, "Пресновка, Булаев, Есіл" орман шаруашылықтары ).
Облыс прокуратурасының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының қадағалау актісі бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары ӘҚБтК-нің 141-бабы бойынша жалпы сомасы 423 680 теңгеге айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды, рұқсат құжаттарын алу бойынша шаралар қабылдануда.