Солтүстік Қазақстанда сиыр мен жылқы терілері іске жарап, одан протеин өндіріліп жатыр

247

Өткен жылдың 11 айында 675 тонна тері өңделіп, 300 тонна протеин өндірілді.

Солтүстік Қазақстанда сиыр мен жылқы терілері іске жарап, одан протеин өндіріліп жатыр Фото: Sputnik / Александр Кондратюк

Солтүстік Қазақстан облысында іске қосылған кәсіпорын былтыр 300 тоннадан астам жоғары протеинді жемдік қоспа өндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, "СК Протеин" ЖШС – М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті және "Ғылым қоры" АҚ-ның ортақ жобасы. Ынтымақтастық аясында компания жоғары протеинді жемдік қоспа өндірісін жолға қою үшін 350 млн теңге көлемінде грант алды.

Жоба бойынша кәсіпорын жылына 5,4 мың тонна ірі қара мал және жылқы терісін қайта өңдеп, 2,4 мың тоннаға дейін дайын өнім шығара алады.

"ProtSAN" деп аталған жергілікті өнім ақуызға бай. Мал терісінен жасалған жемдік қоспа ұнтақ және түйіршік түрінде шығарылады.

Протеинді ауыл шаруашылығы жануарларының, құстың, балықтың рационына қосуға болады. Өнім "Алматы технологиялық университеті" АҚ зерттеліп, оның құрамында ГМО жоқ екендігін анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу