СҚО білім басқармасының мәліметінше, өңірде су тасқынынан зақымданған мектептер жоқ. Кеше төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты облыста Петропавл қаласының № 13 орта мектебі және Есіл ауданының Покровка орта мектебі қашықтан оқыту форматына ауыстырылған еді. Бұл білім ордаларында 400-ге жуық бала білім алады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бүгін олардың қатарына тағы бес мектеп қосылды. Олар: Қызылжар ауданының 5 мектебі - Озерная орта мектебі, "Парасат" мектеп-лицейі, №2 Бескөл орта мектебі, Приишим негізгі мектебі және Бәйтерек орта мектебі.
Жолдардың шайылуына және бұзылуына байланысты тағы 6 ауданның 8 мектебінде балаларды тасымалдау уақытша тоқтатылды. Мамандардың айтуынша, сабақтар аралас форматта өтеді. 78 оқушы үшін қашықтықтан оқыту ұйымдастырылды.