Солтүстік Қазақстанда су тасқынына қарсы жұмыстар күшейтілді

191

Қызылжар ауданында 7 гидрологиялық бекет жұмыс істеп, су деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізілуде. 

Солтүстік Қазақстанда су тасқынына қарсы жұмыстар күшейтілді Фото: Үкімет

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны кезеңіне белсенді дайындық жүргізілуде. Облыс әкімінің төрағалығымен өткен, аудан әкімдері мен профильдік ведомстволар басшылары қатысқан аймақтық кеңесте негізгі назар іс-қимылдарды үйлестіруге және су басу қаупін азайту шараларына аударылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қызылжар ауданында 7 гидрологиялық бекет жұмыс істеп, су деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізілуде. Бескөл және Прибрежное ауылдарында дамбаларды қайта жаңғырту және нығайту жұмыстары жалғасуда, Тепличное ауылында жұмыстар аяқталды. 13 елді мекенде жалпы ұзындығы шамамен 19 км болатын қорғаныс біліктері тұрғызылды, қосымша ең осал учаскелер нығайтылуда.

Сонымен қатар инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда: Прибрежное ауылына апаратын жол көпір өткелімен бірге қайта жаңғыртылуда, Заречный кентінде жер білігі нығайтылып, айналма канал жаңартылды. Қабылданған шаралар кешені халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ықтимал су тасқыны салдарын азайтуға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу