Жеке тұрғын үйдегі өрт туралы хабар СҚО ТЖД-ның кезекші бөліміне 12 ақпан күні таң ата түскен. Өрт сөндірушілер келген кезде үй толығымен жалынға оранған, хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Өртті сөндіру барысында үй иесі – 68 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Қазіргі таңда тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде", – деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Өртті сөндіруге 10 қызметкер және екі техника жұмылдырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу