Солтүстік Қазақстанда жасөспірім қолдан жасалған қарумен атылып қалды

170

Оқиға Жамбыл ауданының Пресновка ауылында болған.

Солтүстік Қазақстанда жасөспірім қолдан жасалған қарумен атылып қалды Фото: freepik

Солтүстік Қазақстан облысында 15 жастағы баланың өзіне қол жұмсауына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік желідегі деректерге қарағанда, бала үйде жалғыз болған. Қансыраған жеткіншекті әкесі тауып алған. Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім қолдан жасалған пистолеттен оқ атқан.

Полиция өкілдерінің айтуынша, оқиғаның мән-жайын және себептерін анықтау үшін қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

"ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайды", – деді ведомство өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу