Солтүстік Қазақстан облысында 20 жолаушы мінген атвобустан өрт шықты. Автобус толығымен жанып кетті, құрбандар жоқ, деп мәлімет берді ІІМ төтенше жағдайлар жөніндегі баспасөз қызметіне сілтемемен sputniknews.kz.
Қысқаша тұйықталу салдарынан көліктің қозғалтқышы өртене бастапты.
"Сенбі күні 11.13-те "Кокшетау — Рузаевка" жолында КАВЗ "Аврора" автобусының қозғалтқышынан өрт шығып, көліктің салонына ұласты. Автобус Дружба ауылынан Көкшетауға бара жатқан еді. Өрт 12.33-те ауыздықталып, 13.28-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ", — деп мәлімет берді құтқарушылар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу